Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев телефон арқылы Өзбекстан президентімен сөйлесті

Опубликовано:

Тоқаев пен Мирзеев11
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында олар екіжақты күн тәртібіндегі барлық бағыт бойынша қазақ-өзбек қатынастарының даму қарқыны жоғары екенін атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекет басшылары стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге ниетті екенін айтып, өзара ықпалдастықты кеңейтудің нақты мәселелерін егжей-тегжейлі талқылаған.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өнеркәсіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы, көлік салалары бойынша жоғары деңгейде қол жеткізген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, екі ел үкіметтерінің тығыз қарым-қатынас жасауы қажет екеніне назар аударған.

Сөз соныңда мемлекет басшылары өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, Ауғанстандағы ахуалға байланысты Орталық Азияның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын күшейту мақсатымен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін нақтылаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Армения президенті Армен Саркисянмен кездескен болатын.

Президенттер екі ел арасындағы саяси диалогты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға баса мән бере отырып, қазақ-армян ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1915958-toqaev-telefon-arqyly-ozbekstan-prezidentimen-soilesti/

pixel