Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Владимир Божко жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Фото
Фото: assembly.kz

Мәжіліс спикерінің бұрынғы орынбасары Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталығы штабында жаңа қызметке тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі КӘАҚҚ РОШ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 1 маусымында Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы (КӘАҚҚ РОШ) Бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалған.

Владимир Божко 1971 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1976 жылы КСРО МҚК жоғары курстарын тәмамдаған.

"Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру", "жедел құрам" мамандықтарын игерген.

Әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінде басшылық қызметтерді атқарған. Генерал-лейтенант атағы бар.

2007-2014 жылдары Владимир Божко Төтенше жағдайлар министрлігін басқарды, ал 2016 жылы мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланды.

Отан алдындағы ерекше еңбегі үшін І дәрежелі "Барыс", ІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен, КСРО, Қазақстан Республикасы мен шет елдердің 43 медалімен марапатталған.

Еске салсақ, бұған дейін Божко мәжілістен кететінін мәлімдеген болатын.

"Рақмет. Мен бұл туралы тіпті, Facebook әлеуметтік желісінде жариялап қойдым. Болды, мырзалар тынышталыңыздар. Кейбіреулер мені үнемі зейнетке шығарғысы келетін. Мен кетемін", - деген еді ол.

Владимир Божко 2016 жылы өткен парламент сайлауында Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің атынан VI шақырылымның депутаты болып сайланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1916618-vladimir-bozko-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel