RU

Отандық танымал фильмдердің продюсері Сағынтаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Ернар Құрмашев
Ернар Құрмашев. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты

Ернар Құрмашев Алматы қаласы әкімінің штаттағы креативті экономика жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

Ернар Құрмашев 1984 жылы 18 желтоқсанда туған. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ін тәмамдаған, New York Film Academy-де тағылымдамадан өткен.

Kazakhstan Computer Graphics ЖШС басшысы, Astana Film Fund кинокомпаниясының директоры, Almaty Film Festival халықаралық кинофестивалінің бас продюсері болып жұмыс істеген.

Алматының Мәдениет басқармасының басшысы, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2021 жылдың сәуір айынан "Қазақстанның креативті кәсіпкерлер қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы болды.

"Томирис", "Анаға апарар жол", "Каникулы off-line", "Районы", "Бизнесмендер" сияқты бірқатар қазақстандық фильмдердің продюсері ретінде жұмыс істеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін м әжіліс спикерінің бұрынғы орынбасары Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталығы штабында Бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалғанын жазған едік.

Сонымен бірге, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жоғары сот кеңесінің төрағасы болып Денис Шипп тағайындалған болатын.

Осыған дейін бұл қызметті атқарған Талғат Донақов лауазымынан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1916646-otandyq-tanymal-filmderdin-prodyuseri-sagyntaevtyn-kenessisi-bolyp-tagaiyndaldy/