RU

Қызылорда өңірінде 1 жылда ауыл кәсіпкерлерінің 143 жобасы мақұлданды

ауыл кәсіпкерлері
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Сыр өңірінде «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығы арқылы ауыл кәсіпкерлерінің стартап жобаларына несие беру жұмыстары жолға қойылған.

Әдетте банк тарапы қызығушылық таныта қоймайтын жобаларға жергілікті билік тарапынан қолдау күшейген. Бір жыл ішінде ауылдағы кәсіпкерлердің 143 жобасын мақұлданған. Қолдау тапқан кәсіп түрлері негізінен мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, балық өсіру және қызмет көрсету саласына бағытталған. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.

ауыл кәсіпкерлері
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Ерекше айтуға болады, Сыр елінде 5 жылдан бері кәсіпкерлерді демеуге арналған «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығы жұмыс істеуде. Осы кезге 2000-ға жуық кәсіпкерлік жобаларға 8 миллиардтан астам теңгеге несие берілген.

Брифингте облыс әкімі өнім өндеу өнеркәсібінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Биыл Шалқия кен орнында тау-кен байыту фабрикасының және кальцийленген сода зауытының құрылысын бастау жоспарланды. Екі нысан арқылы өңірде 2239 адам жұмыс көзін табады. Ал, индустрияландырудың үшінші бесжылдығы аясында құны 543 миллиард теңгеден асатын 41 инвестициялық жоба жүзеге асты. Шамамен бұл 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

ауыл кәсіпкерлері
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Отандық инвесторлармен бірге қызанақ өнімдерін өндіру, ет және жұмыртқа өндірісі бойынша құс фабрикасын салу жобалары, шетелдік компанияларымен бірлесіп тері мен жүнді өндеу қолға алынады. Сонымен бірге алдағы кезеңде инвесторлармен күріш сабанынан целлюлоза өндіретін кәсіпорын құру жоспарланған. Мұнан бөлек, халықаралық компаниямен чех технологиясын қолданып сусындар мен шырындар шығару бағытында екіжақты келіссөздер жүргізілуде.

Айта кету керек, аймақта өткен жылы қабылданған 2023 жылға дейінгі экономикалық даму карта аясында кәсіпкерлікке 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 400 жоба ұсынылған. 2020 жылы 7 млрд теңгені құрайтын 89 жоба іске асып, 1047 жұмыс орны құрылған. Биыл 14 млрд теңгені құрайтын 96 жоба іске асырылып, нәтижесінде 900 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ, Карта шеңберінде 16 тойхана қызметін өзге бағытқа ауыстырған.

Жалпы Қызылорда облысында 2021 жылдың 5 айында кәсіпкерлік субьектілерінің саны 7,3 пайызға өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1917000-qyzylorda-onirinde-1-zylda-auyl-kasipkerlerinin-143-zobasy-maquldandy/