Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында экономикалық даму карта аясында 400 жоба жүзеге асады

Жарияланған күні:

Гүлшара Әбдіқалықова
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Сыр елінде 2023 жылға дейінгі экономикалық даму карта аясында 400 жоба жүзеге асады. Бұл кәсіпкерлік саласының дамуына оң серпін әкеліп, 4,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Өткен жылы 400 жобаның 89-ы іске асып, 1047 жұмыс орны құрылған.

Ал, биыл 14 млрд теңгені құрайтын 96 жоба іске асырылып, нәтижесінде 900 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова атап өтті.

ауыл кәсіпкерлері
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Пандемия қиындығына қарамастан аймақта жұмыссыздық деңгейі 4,9% көрсеткішінде. Мемелекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында жыл басынан бері 13,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 4000-нан астамы тұрақты жұмыс орны. Ал, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жыл басынан бері 468 мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылған.

ауыл кәсіпкерлері
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Брифингте облыс әкімі өнім өндеу өнеркәсібінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Биыл Шалқия кен орнында тау-кен байыту фабрикасыының және кальцийленген сода зауытының құрылысын бастау жоспарланды. Екі нысан арқылы өңірде 2239 адам жұмыс көзін табады. Ал, индустрияландырудың үшінші бесжылдығы аясында құны 543 миллиард теңгеден асатын 41 инвестициялық жоба жүзеге асты. Шамамен бұл 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Брифинг
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Отандық инвесторлармен бірге қызанақ өнімдерін өндіру, ет және жұмыртқа өндірісі бойынша құс фабрикасын салу жобалары, шетелдік компанияларымен бірлесіп тері мен жүнді өндеу қолға алынады. Сонымен бірге алдағы кезеңде инвесторлармен күріш сабанынан целлюлоза өндіретін кәсіпорын құру жоспарланған. Мұнан бөлек, халықаралық компаниямен чех технологиясын қолданып сусындар мен шырындар шығару бағытында екіжақты келіссөздер жүргізілуде.

Гүлшара Әбдіқалықова су тапшылығы проблемаларынан да айналып өтпеді.

"Қазір біз Сырдария бойындағы жыл сайынғы су жіберуді қамтамасыз етуге баса назар аударып отырмыз. Су тапшылығы мәселесін шешу үшін Үкімет Қырғызстанмен, Тәжікстанмен және Өзбекстанмен келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар, біз ауыл шаруашылығы өндірісін, әсіресе, егінді әртараптандыру, су ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін түсінеміз. Сондықтан, ылғалды қажет ететін дақылдардың, атап айтқанда күріштің егіс алқаптарын төмендету бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұл ретте ылғал аз қажет ететін дақылдар – соя, жүгері, майлы және жем-шөп дақылдарының егістігін ұлғайтып жатырмыз, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тұрақты табыс алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, суды үнемдеу технологияларын енгізу бойынша шаралар қабылдануда", - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Иллюстративное фото
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Алдағы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 58 млрд теңгелік 76 инвестициялық жоба іске асырылады. Оның 42-сі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Биыл соның 8,7 млрд теңгелік 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жыл басынан бері егін шаруашылығында - 4, бал арасын өсіру - 2, мал шаруашылығында 2 жоба жүзеге асты.

Өңірде коронавируспен күресте кешенді шараларды уақытылы ұйымдастыру нәтижесінде дәрі-дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры жасақталған. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 488 млн теңге бөлінген. Неғұрлым сұранысқа ие дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын бақылауға мониторинг тұрақты жүргізілген.

"Өңірде вакцина салдыруға қажетті 106 екпе бөлмесі ашылды. Оның 91-і ауылдық жерде орналасқан. Мұнан бөлек, шалғай ауылдардағы тұрғындарға екпе салу үшін 39 мобильді топ жұмыс жүргізуде. Ал, 1 ақпаннан бері облысқа QazVac-in, HayatVax, Спутник-V вакцинасының 129050 І компоненті келіп, 74 пайызы салынған. Ал, ІІ компоненттен 87300 доза жеткізіліп, 46,8% салынды",- деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1917002-qyzylorda-oblysynda-ekonomikalyq-damu-karta-ayasynda-400-zoba-zuzege-asady/