Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Қазақстан қандай болатынын айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында 2025 жылы Қазақстанның экономикалық жағдайы қандай болатынын айтты деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы әлемдік экономикалық дағдарыс Қазақстанды да аямағанын жеткізді.

Оның сөзінше, былтырғы жылы сыртқы сауда айналымы 85 млрд долларды құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмендеген.

Сонымен қатар пандемия кезінде Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты 15 млрд долларды құрап, мейлінше аз – 2,8 пайызға қысқарғаны қуантады, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Осынау дағдарыс жылында біз 18 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тарта алдық", - деді президент.

Ол былтырғы жылы шетелдіктердің қатысуымен жалпы сомасы 1,6 млрд долларды құрайтын 41 инвестициялық жоба қолға алынғанын сөз етті.

Мемлекет басшысының айтуынша, 7 мыңнан астам жұмыс орны құрылған. 

"Жаһандық экономика қалпына келген кезде, Қазақстан да өзінің экономикалық өсімін арттырып жатыр. Біздің Үкіметтің болжамына сәйкес, бұл өсу кем дегенде 3,5% құрайды. Дегенмен бұдан жоғары ықтимал қарқын күтіп отырмыз. Біз өңдеу өнеркәсібінің қосымша экспорттық әлеуетін 10 млрд долларға, қызмет көрсету саласының экспорттық әлеуетін тағы 10 млрд долларға бағалаймыз. Орта мерзімді мақсат - шикізаттық емес экспорт көлемін, оның ішінде қызметтерді, 2025 жылға қарай 41 млрд долларға дейін арттыру жоспарланып отыр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1917117-qasym-zomart-toqaev-2025-zyly-qazaqstan-qandai-bolatynyn-aitty/

pixel