Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамин министрлер мен әкімдерге бес бірдей тапсырма берді

Опубликовано:

Асқар Мамин
Фото: РИА Новости / Сергей Мамонтов

Үкімет басшысы Асқар Мамин елдегі экологиялық ахуалды жақсартуға байланысты министрлер мен әкімдерге жаңа тапсырма берді деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Жергілікті атқарушы органдар қоғамдастықтармен бірлесіп, қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуге, көгалдандыруға, бұрынғы ластануларды жоюға бағытталған Жол карталарын әзірлеп бекітті. Сонымен қатар биыл өңірлік жол карталары бойынша 70 іс-шараның 42-сі ғана орындалды. Олардың іске асырылуын жандандыру қажет. Әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласында жоспардағы 13 іс-шараның төртеуі ғана орындаған. Алматыда тек бесеуі", - дейді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы бес экологиялық мәселеге қатысты министрлер мен әкімдерге тапсырма берді.

"Біріншіден, қазіргі кезде атмосфераға шығарындыларды азайту мақсатында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін озық қолжетімді технологиялар анықтамалығы әзірленіп жатыр. Экология министрлігі Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, оны уақтылы әзірлеуді қамтамасыз етуі тиіс. Олар ел өндірістерінің барлығында ескерілуі тиіс.

Екіншіден, өңірлерде рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің, соның ішінде, құрылыс қоқыстарының пайда болу себептерінің бірі - елде құрылыс полигондарының болмауы және жалпы бар полигондардың талаптарға сәйкес келмеуі болып отыр",- деді үкімет басшысы.

Осы орайда Асқар Мамин Индустрия министрлігіне Экология және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонның үлгілік жобасын әзірлеуді тапсырды.

"Үшіншіден, кәріз-тазарту құрылыстары мәселесі де өте өзекті. Себебі олар санитариялық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейді. Сондықтан Индустрия министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырамын.

Төртіншіден, әкімдіктер биылғы жылғы ағаш отырғызу жоспарларын орындасын. Жалпы, көгалдандыру, отырғызылатын ағаштардың әрі қарай өсіп кетуі әкімдіктердің тұрақты бақылауында болуы керек",- деді премьер-министр.

Асқар Мамин бесінші тапсырманы Экология министрлігі мен өңірлердің әкімдіктеріне берді. Премьер-министр оларға кәсіпорындарға, жылу электр орталықтары мен көлік шығарындыларына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1917758-mamin-ministrler-men-akimderge-bes-birdei-tapsyrma-berdi/

pixel