Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков бостандыққа шықты

Опубликовано:

Жақсылық Шалабеков1
Жақсылық Шалабеков. Фото: gov.kz

8 маусымда бір жарым жылға бас бостандығынан айырылған Қарағанды қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков бостандыққа шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазыбек би аудандық сотына сілтеме жасап.

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының қаулысы шықты, оған сәйкес қала басшысының бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков қамаудан босатылған.

Құжатта жазылғандай, сотқа АК-159/1 басшысынан сотталған экс-шенеунікті қамауда ұстаудың заңдылығын түсіндіруді сұрағаны жайлы хат келген.

Сот бұған жауап ретінде Жақсылық Шалабековтың жазасын өтеп болғанын, сондай-ақ, экс-шенеунікті одан әрі қамауда ұстау оның конституциялық құқығының бұзылуы болып табылатынын айтқан.

Бұл қаулыны назарға алған АК-159/1 басшылығы Шалабековті бостандыққа жіберген.

Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, жазаның мерзімі 2021 жылы 13 маусымда аяқталған.

Экс-шенеунік 2020 жылдың 12 қыркүйегінен бастап сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қамауда болған. Бұл уақыт жазаны өтеу мерзімі ретінде есептелген (қамауда болған бір күн мерзім бас бостандығынан айыру жазасын өтеудің екі күніне теңестірілген).  

Еске сала кетсек, Жақсылық Шалабековтің ұсталғаны туралы ақпарат желіде 2020 жылдың 13 қыркүйегінде пайда болған еді.

Кейінірек, шенеунікке нақты қандай айып тағылғаны белгілі болды. Жақсылық Шалабеков алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамдармен бюджет қаражатын жымқырды және жұмсады деген күдікке ілінген.

Жақында сот отырысы өтіп, Қазыбек би ауданының соты Шалабековке қатысты айыпты ауыстырып, оны бюджет қаражатын жымқырды деп емес, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, бір жарым жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Бюджет қаражатын жымқыру фактісі расталмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1917825-qaragandy-qalasy-akiminin-buryngy-orynbasary-zaqsylyq-salabekov-bostandyqqa-syqty/

pixel