RU

Словения билігі коронавирусты жеңгендерін мәлімдеді

Көше маска1
Көрнекі фото: STR/NurPhoto via Getty Images

Словенияның денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус эпидемиясының аяқталғанын жариялады, дегенмен халыққа вакцина салу және кейбір шектеу шаралары жалғасын табады деп хабарлайды РИА Новости.

Министрліктің мәліметінше, екі миллион халқы бар елде 14 маусымда тек 112 адамнан коронавирус анықталған, індеттен екі адам қайтыс болған.

Сонымен қатар, Словенияның 769 248 тұрғыны батыс елдерінде өндірілген вакциналардың бір дозасын алған, кәмелет жасына толған 551 906 адам вакцинаның компоненттерін толық салдырған. Ауруханаларда 122 пациент жатыр, оның 40-ы жансақтау бөлімінде.

"Словенияда эпидемия аяқталады, бірақ коронавируспен күрес әлі аяқталған жоқ. Вакцинация - эпидемиямен күрестегі негізгі шара болып қала береді", – дейді елдің денсаулық сақтау министрлігі министрі Янез Поклукар.

Айта кетейік, пандемия аяқталғанымен, Словенияда жабық жерлерде қорғаныс маскаларын тағу, сондай-ақ, үй-жайдағы адамдардың санына қойылатын шектеулер және арақашықтықты сақтау талаптары сақталады.

Сонымен бірге елде, "қызыл аймақ" елдерінің үнемі жаңартылып отыратын тізімі бар, аталған мемлекеттен келген азаматтар карантинде болады.

Елдегі жағдайға келсек, Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК індетке қатысты соңғы деректерді жариялаған болатын. Оған сәйкес, өткен тәулікте елімізде індет жұқтырған 1 068 адам тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1917866-sloveniya-biligi-koronavirusty-zengenderin-malimdedi/