Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология жөніндегі екінші саммитіне қатысады.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Бүгін, 16 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология жөніндегі екінші саммитіне бейнебайланыс арқылы қатысады.

"Ғылым, технология және инновация: жаңа белестерге жол ашу" атты тақырып бойынша өтетін виртуалды саммитке Біріккен Араб Әмірліктері төрағалық етеді.

Жиында ғылым, технология және инновация салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ, 2026 жылға дейінгі аталған бағыттардағы ИЫҰ бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланбақ.

Жалпы ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі саммиті Қазақстанның бастамасымен өтіп келеді. Алғашқы саммит 2017 жылдың қыркүйек айында елордада өткен болатын", – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Іс-шара Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де басталады деп жоспарланған. Саммиттің тікелей көрсетілімін мына сілтеме бойынша көруге болады.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-ші сессиясының жабылу салтанатында видеоүндеу жасаған болатын.

Президент үндеуінде, пандемия және Ассамблеяның қазіргі қызметі жайлы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1917893-toqaev-islam-yntymaqtastygy-uiymynyn-sammitine-qatysady/

pixel