RU

ДСМ Біртановтің адвокаттарына неліктен құжаттар бермейді: Цой жауап берді

Фото
Кадр: zakon.kz

Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Елжан Біртановтің ісі бойынша денсаулық сақтау министрлігіне әлі айыппұл салынбағанын айтты. Бұған дейін экс-министрдің адвокаттары ведомство оларға сұралған құжаттарды ұсынбағанын, сол үшін оларға айыппұл салынғанын мәлімдеген болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Брифинг барысында журналистер Цойдан денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтің адвокаттарына өз клиентінің кінәсіздігін дәлелдеуі үшін керек құжаттарды неге ұсынбағанын сұрады.

Біртанов адвокаттары денсаулық сақтау министрлігіне құжат ұсынбағаны үшін айыппұл салынғанын да хабарлаған болатын.

"Ақпарат толығымен расталмаған – біріншіден, ешкім айыппұл салған жоқ, бұл алғашқы шешім, денсаулық сақтау министрлігі бұл талапқа қарсы болды, сот шешімі заңды күшіне енбеді.
Құжаттарды тапсыруға қатысты айтсақ, бұл министрліктің іс жүзінде барлық негізгі құжаттары тергеу аясында тәркіленгендігімен байланысты, сондықтан біз физикалық тұрғыдан құжаттар ұсына алмаймыз, өйткені олардың көбінің көшірмесі жоқ. Басқа құқық қорғау органдары бізге осы жөніндегі сұрақтарымен келгенде бізде барлық құжаттардың жоқтығын хабарлаймыз", – деді министр Алексей Цой.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы тергеу органының өтінішін ішінара қанағаттандырған болатын.

Сот тергеу органының Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 8 айға дейін ұзарту туралы өтінішін ішінара қанағаттандыру керек деген шешім шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1917955-dsm-birtanovtyn-advokattaryna-nelikten-quzattar-bermeidi-coi-zauap-berdi/