Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысының әкімі Досмұхамбетов отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді

Опубликовано:

Махамбет Досмұхамбетов
Махамбет Досмұхамбетов: facebook.com/m.dosmukhambetov.online

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ОКҚ өткен брифингте бірінші орынбасары - Нұрлан Таубаевтың кінәсі дәлелдеген жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мемлекеттік қызмет туралы" заңға сәйкес, кез келген саяси қызметшіге тікелей бағынышты қызметкер сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталса, сотта оның кінәсі дәлелденсе, оның басшысы отставкаға кетуі керек. Мен де басқалары секілді осы заңға бағынамын. Сол себепті тиісті сот шешімі шықса, бәрін заң бойынша істеймін", - деді Досмұхамбетов.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы 10 қыркүйек күні Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровтың 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынғаны хабарланған еді.

Кейінірек, Таубаев пен Басаровтың екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Сондай-ақ Нұрлан Таубаев өзінің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Оқиғаның барысы сипатталған хатты оның қорғаушысы Игорь Вранчев жария етті.

Экс-шенеунік хатында өзінің кінәсіз екенін дәлелдеу үшін барын салатынын, тіпті президентке дейін жүгінетінін атап өткен.

Кейінірек, атышулы істің мән-жайы белгілі болып, сотта экс-шенеуніктер не үшін айыпталып жатқанын прокурор Нұржан Жангереев оқып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1918333-atyrau-oblysynyn-akimi-maxambet-dosmuxambetov-otstavkaga-ketuge-daiyn-ekenin-aitty/

pixel