Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда басшысы медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтап, марапаттады

Опубликовано:

Марапаттар
Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов медицина қызметкерлері күні қарсаңында ақ халатты мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" медалін, алғыс хаттарды табыс етті. Бұл туралы қала басшысы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Медицина қызметкерлері барлық заманда батыр болды, қазір де қаһармандар болып қала береді. Олар мыңдаған адамның жанын арашалап, сансыз сағатын кезекшілікте өткізді, әр пациент үшін күресті. Әр пациенттің науқасы үшін жүректерін ауыртты. Медицина қызметкерлері қазіргі өздері үшін қиын кезеңде үнемі жанымызда болып, қамқорлық көрсетеді.

Медицина қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында ақ халатты абзал жандарды мерекелерімен құттықтадым. Сондай-ақ оларға "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" медалін, алғыс хаттар табыстадым. Олардың әрқайсысы құрметке және алғысқа толы жылы сөздерге лайық.

Локдаун кезеңі бәріміздің есімізде. Сол уақытта қала аумағында блокбекеттер орнатылып, қалада жүруге шектеулер қойылды. Бұл кезеңде денсаулық саласында ауыр салмақ түсті. Медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегі мен мемлекеттің жедел қабылданған шаралары арқасында қала қалыпты өміріне біртіндеп орала бастады.

Медицина қызметкерлерінің иығына түскен ауыр жүкті ешкім ұмыта қойған жоқ: олар тәуліктер бойы туғандарын көрмей, оқшауланып өмір сүрді, бетпердені сағаттап шешпегендіктен, келбеттерінде соның ізі білінетін. Осындай жағдайдың қайталанбауы бәріміз үшін маңызды. Пандемия жағдайынан жылдам шығуына әрқайсымыз жауаптымыз. Медицина қызметкерлеріне қаншалықты жүк түсетіні бізге байланысты.

Вакциналау есебінен ұжымдық иммунитет қалыптастырып, санитарлық нормаларды сақтасақ, бұл біздің дәрігерлерімізге деген қамқорлығымыз болады.

Мемлекет басшылығы медицина қызметкерлерін қолдауға айрықша көңіл бөледі. Президенттің тапсырмасымен денсаулық сақтау саласын дамытуды жалғастырамыз: медицина мекемелерін қосымша қондырғылармен жабдықтаймыз, жаңа емханалар мен ауруханаларды салып, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, кезең-кезеңімен жалақыны өсіреміз, медицина қызметкерлеріне сыйақыны үзбейміз, олардың мәртебесін көтереміз, т.б. маңызды жұмыстарды атқарамыз", — деп жазды елорда әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1918480-elorda-bassysy-medicina-qyzmetkerlerin-merekemen-quttyqtap-marapattady/

pixel