Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы 70 ауылда бірде-бір АӘК алушылар жоқ

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев
Бердібек Сапарбаев. Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың азайғанын жеткізді. Олардың біразы жұмысқа орналасса, бірқатары өз кәсібін ашуға грантқа қол жеткізген.

Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 23,2 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылса, 16,4 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Оның 7,3 мыңы – тұрақты. 426 адам жалпы 1,5 млрд теңге көлеміндегі шағын несиеге қол жеткізсе, өз кәсібін жаңа бастаған 3 мың кәсіпкер қайтарымсыз грантқа ие болған.

Жұмыс орындары
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Үкімет тапсырмасына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың санын азайту.

Аймақтағы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 69 мыңнан 50 мың адамға, яғни 19 мыңға дейін азайған. Облыстағы 356 ауылдық елді мекеннің 70-інің тұрғындары (барлығы 140 мың адам) атаулы әлеуметтік көмек алмайды.

Ағымдағы жылы бес айдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Орташа жалақы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 144 мыңнан 176,9 мың теңгеге дейін өскен.

Әкімнің айтуынша, ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы 5 бағытта жүзеге асты: бірінші бағыт – үй іргесіндегі жерлерді пайдалану, екінші – мал басын көбейту, үшінші – ауыл сыртындағы жерлерді пайдалану, төртінші – техника беру, бесінші – кәсіп ашуға қолдау көрсету.

Жұмыс орындары
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Сондай-ақ, спикер облыстың 10 ауданынандағы 11 ауылдық округ қатысқан ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту бойынша пилоттық жобаның нәтижелеріне тоқталып өтті.

Осы жобаның бес бағыты аясында 9,2 миллиард теңге игерілген. Бүгінгі таңда 944 миллион теңге несие қарызы өтелген.

Жұмыс орындары
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Пилоттық жоба қатысушыларымен 21 мың тонна дәнді және мал азығы дақылдары, 11,2 мың тонна көкөністер мен бақша дақылдары, 12,5 мың тонна ет және сүт өнімдері өндірілген.

Нәтижесінде 589 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздар саны 36 пайызға азайды (528-ден 334-ке дейін). Сондай-ақ, аталған ауылдық округтерде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1058 адамға азайып, 2282 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1918691-zambyl-oblysyndagy-70-auylda-birde-bir-aak-alusylar-zoq/

pixel