jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Мәжілістің бұрынғы депутаты Тарас Хитуов қайтыс болды

    Тарас Хитуов
    Тарас Хитуов. Фото: Lada.kz

    Мәжілістің бұрынғы депутаты Тарас Хитуов 58 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Тарас Хитуов парламент мәжілісінің VI шақырылымдағы депутаты, кейінгі жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ омбудсмені болған.

    Марқұмның жақындары мен туыстарына мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин депутаттар атынан көңіл айтты.

    "Тарас Киікбайұлы Хитуов адал еңбегі мен зор жауапкершілігімен еліміздің заңнамалық базасын жетілдіруге өлшеусіз үлес қосты. Тарас Хитуовтың керемет адам, сенімді дос, Отанының патриоты ретінде жарқын бейнесі оны білетін және бірге жұмыс істегендердің есінде мәңгі қалады", - дейді Нұрлан Нығматулин.

    Айта кетейік, Тарас Киікбайұлы бокстан спорт шебері болған. Маңғыстау облысы әкімінің құрмет грамотасымен, Ақтау қаласының 50 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерімен жұмысты ұйымдастырғаны және үлес қосқаны үшін медалімен марапатталған.

    Үш баланы тәрбиелеп, өсірген.

    Мәжілістің бұрынғы депутаты Тарас Хитуов қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.