Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы бір апта демалыс алуды жоспарлап отыр

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы шілде айының ортасында демалысқа шығуды жоспарлап отыр. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мемлекет басшысы шілденің ортасында бір аптаға демалысқа шығуды жоспарлап отыр. Президент демалысын Қазақстан аумағында өткізеді. Өздеріңізге белгілі, былтыр коронавирус пандемиясына байланысты Қасым-Жомарт Кемелұлы демалған жоқ", – деді Уәли ресми сауалға берген жауабында.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымына кіріскен сәттен бері екі жыл және үш ай ішінде тек бір рет, 2019 жылдың шілдесінде үш күндік қысқа мерзімді демалысқа шыққанын еске салды.

Былтыр жазда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелеріне демалысты ұмытуға кеңес берген еді.

Себебі елде коронавирус індеті өршіп тұрған болатын. Министрлер мен әкімдердің алдына эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру міндеті қойылды.

"Жаздың жартысы өтіп кетті. Төтенше жағдай болғандықтан министрлер, әкімдер, президент әкімшілігінің қызметкерлеріне демалыс жоқ. Жазғы демалыс деген сөзді ұмытыңыздар", – деген еді Тоқаев сол кезде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1918924-memleket-bassysy-bir-apta-demalys-aludy-zosparlap-otyr/

pixel