Мемлекет басшысы бірқатар өңір әкімдерін қабылдады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өңір әкімдерін қабылдады деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдерін жеке-жеке қабылдады.
Жеңіс Қасымбек, Бақытжан Сағынтаев, Мұрат Әйтенов, Оңдасын Оразалин, Құмар Ақсақалов және Серікбай Трұмов Президентке өздері басшылық жасайтын өңірлердің жыл басынан бергі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есеп беріп, аймақтарды одан әрі дамытудың перспективасы жөнінде баяндады.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысына өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық мәртебесі бар қалалардың басшыларына әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының артуына жол бермеуге қатысты және басқа да бірқатар нақты тапсырма берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1919131-memleket-bassysy-birqatar-onirlerdin-akimderin-qabyldady/