Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рахмон Тоқаевқа гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 19-20 мамырда Душанбеге жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды.

Екі елдің көшбасшылары өзара сауда-саттықты ұлғайту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және инфрақұрылым салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында үкіметтердің уақытылы әрі тиімді іс-қимылдарының маңызды екенін айтты.

Эмомали Рахмон Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

Мемлекет басшылары Ауғанстандағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты форматта да, көпжақты құрылымдар аясында да, соның ішінде, әскери-саяси сипаттағы бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екенін атап өтті.

Сондай-ақ алдағы кездесулер кестесі талқыланды.

Еске салсақ, мамыр айында Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен Душанбе қаласына екі күндік ресми сапармен барған болатын.

Оған қоса, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымын арттыру және жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын ұлғайту жөніндегі бірлескен жұмыс тобының 3-ші отырысының, сондай-ақ тараптардың 2022-2023 жылдарға арналған Тауар айналымын арттыру жөніндегі жол картасын әзірлеу дайындығын құптаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1919147-raxmon-toqaevqa-gumanitarlyq-komek-korsetkeni-usin-algys-aitty/

pixel