Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкім болуға ниетті кандидаттарға қандай талап қойылады

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев әкім болуға ниеттілер үшін қойылатын талаптар туралы айтып берді деп жазады BAQ.KZ.

Ерлан Даулыбаев Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырыста үміткерлерге қойылатын талаптарды тізбектеді.

"Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент әкімі болып сайлануы үшін Қазақстан азаматы, Сайлау туралы конституциялық заң мен Мемлекеттік қызмет туралы заңдардың нормаларына сәйкес талап қойылады. Алдымен үміткердің жасы 25-ке толуы тиіс. Заңда белгіленген тәртіп бойынша соттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қатысы болмауы керек. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкестігін құжаттар негізінде Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган анықтайды", - дейді Ерлан Дауылбаев.

Даулыбаевтың айтуынша, кандидат ұсынылғаннан кейін оның талаптарға сәйкес келуін анықтау міндеті сайлау комиссиясына жүктеледі.

"Азаматтығын тексеру үшін ішкі істер органдарына, соттылығы мен заңда берілген тәртіппен таңылған сыбайлас жемқорлық деректері болмауын тексеру үшін прокуратура органдарына, лауазымға қойлатын біліктілік бойынша сәйкестігін тексеру үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі аумақтық департаменттерге сұраулар жіберіледі. Осы органдар деректерді тексеріп, аумақтық сайлау комиссияларына жіберуі керек", - дейді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.

Ол кандидаттар өзін-өзі ұсынған жағдайда сайлаушылардың жалпы санының 1 пайыз дауысының қолдауына ие болуы тиіс екендігін атап өтті.

"Кандидаттарды қолдап, қол жинауды сенім білдірген адамдар ұйымдастырады. Ол аудандық сайлау комиссиясы берген қол қою парақшасымен бекітіледі. Одан кейін хаттама рәсімделеді", - дейді Даулыбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1919242-akim-boluga-nietti-kandidattarga-qandai-talap-qoiylady/

pixel