Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев инклюзивті білім беру туралы заңға қол қойды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды" делінген құжат мәтінінде.

Еске сала кетсек, осыған дейін ел президенті бірқатар өңір әкімдерін қабылдаған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдерін жеке-жеке қабылдады.

Жеңіс Қасымбек, Бақытжан Сағынтаев, Мұрат Әйтенов, Оңдасын Оразалин, Құмар Ақсақалов және Серікбай Трұмов Президентке өздері басшылық жасайтын өңірлердің жыл басынан бергі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есеп беріп, аймақтарды одан әрі дамытудың перспективасы жөнінде баяндады.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысына өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық мәртебесі бар қалалардың басшыларына әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының артуына жол бермеуге қатысты және басқа да бірқатар нақты тапсырма берді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1919602-toqaev-inklyuzivti-bilim-beru-turaly-zanga-qol-qoidy/

pixel