Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин кездеседі

Опубликовано:

Елбасы мен Путин
Фото: Ақорда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин ертең, 30 маусымда Мәскеуде кездеседі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады.

"Осы жылдың 30 маусымында Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді.

Келіссөздер барысында Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамытудың перспективалары мен аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда", - деп жазды Айдос Үкібай.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алғанын жазған едік.

Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды.

"Қазіргі таңда Қазақстанда үш миллионға жуық адам вакцина салдырды. Бүгін мен де коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Барша қазақстандықтарды белсенді түрде вакцинация жасатуға, одан қорықпауға шақырамын. Әсіресе қазір вирустың жаңа штамы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше. Бұл өз денсаулығымыз үшін керек. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы қиындықты бірлесіп еңсеруге тиіспіз. Баршаңызға шын жүректен мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін", – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1920009-30-mausymda-nursultan-nazarbaev-pen-vladimir-putin-kezdesedi/

pixel