Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин коронавирусқа қарсы қандай вакцина салдырғанын айтты

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: Getty Images

Ресей президентін Владимир Путин коронавирусқа қарсы қандай вакцина салдырғанын айтты деп хабарлайды РИА Новости.

Путин бүгінге дейін коронавирусқа қарсы қандай вакцина салдырғаны туралы айтпаған еді.

Ресей президентінің сөзінше, оған бәсекелестік тудырмас үшін вакцинаның атауын айтпауға кеңес берген.

Алайда, бүгінгі тікелей байланыс кезінде Путин "Спутник V" вакцинасын салдырғанын атап өтті.

"Мен коронавирусқа қарсы вакцина салдырған уақытта бізде "ЭпиВакКорона" және "Спутник V" деген екі вакцина айналымда болды. Олардың екеуі де жақсы", – дейді Владимир Путин.

Айта кетейік, жақында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алған болатын.

Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды.

"Барша қазақстандықтарды белсенді түрде вакцинация жасатуға, одан қорықпауға шақырамын. Әсіресе қазір вирустың жаңа штамы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше. Бұл өз денсаулығымыз үшін керек", - дейді Елбасы.

Одан бөлек, таяуда үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еді. Премьер-министр де Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған "Спутник V" вакцинасын салдыруды ұйғарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1920227-putin-qandai-vakcina-saldyrganyn-aitty/

pixel