Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қашықтан жұмыс істеуге қатысты заңға қол қойды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіруге қатысты заңға қол қойды деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды" делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске сала кетсек, осыған дейін ел президенті бірқатар өңір әкімдерін қабылдаған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдерін жеке-жеке қабылдады.

Жеңіс Қасымбек, Бақытжан Сағынтаев, Мұрат Әйтенов, Оңдасын Оразалин, Құмар Ақсақалов және Серікбай Трұмов Президентке өздері басшылық жасайтын өңірлердің жыл басынан бергі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есеп беріп, аймақтарды одан әрі дамытудың перспективасы жөнінде баяндады.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысына өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық мәртебесі бар қалалардың басшыларына әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының артуына жол бермеуге қатысты және басқа да бірқатар нақты тапсырма берді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1920483-toqaev-qasyqtan-zumys-isteuge-qatysty-zanga-qol-qoidy/

pixel