Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәди Атамқұлов Қазақстанның Сербиядағы елшісі болып тағайындалды

Опубликовано:

Атамқұлов Мәди
Мәди Атамқұлов. Фото: Facebook/KazakhstanMFA

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәди Атамқұлов Қазақстанның Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды деп хабарлайды Cыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дипломат Қазақстанның Сербиядағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін 2015 жылдан бастап Қазақстан президенті протоколының басшысы болған.

Мәди Атамқұлов 1974 жылы 27 қарашада Алматы облысында дүниеге келген.

Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының дипломатия институтын бітірген.

Сонымен қатар, мемлекеттік емес секторда да әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2003 жылы Қазақстан СІМ-нің ТМД істері жөніндегі комитетінің бірінші хатшысы ретінде дипломатиялық қызметте жұмыс істей бастаған.

Ал 2006 жылдан бастап Мемлекеттік протокол қызметі бөлімінің бастығы лауазымын атқарып, ведомствода Орталық аппараттың осы бөлімшесінің басшысы болып та қызмет еткен.

2014-2015 жылдары парламент сенаты аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған. І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1920621-madi-atamqulov-qazaqstannyn-serbiyadagy-elsisi-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel