Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Тәжікстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Тәжікстан тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында екі ел Президенттері Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Орталық Азия аймағындағы ахуал жөнінде жан-жақты пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Тәжікстанмен арадағы достық қатынастардың мызғымастығын нақтылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19-20 мамырда Душанбеге жасаған сапарының барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды Қазақстанның орындайтынын және бауырлас тәжік халқына берілетін көмекті жалғастыра беретінін айтты.

Мемлекет басшылары аймақтағы ахуал жайында өзара ақпарат алмасу және іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында тұрақты байланыс жасап тұруға келісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1921040-toqaev-tazikstan-prezidentimen-telefon-arqyly-soilesti/

pixel