RU

Бұрынғы вице-министр Ахметжанов жаңа қызметке тағайындалды

Ануар Ахметжанов
Ануар Ахметжанов. Фото: primeminister.kz

"Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ Басқарма Төрағасының трансформация және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары қызметіне Әнуар Ахметжанов тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазақстан темір жолының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әнуар Ахметжановтың цифрлық даму саласында мол тәжірибесі бар. «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларында және мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды атқарған. "ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі және жауапты хатшысы болды" делінген ведомство таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Әнуар Ахметжанов "Болашақ" бағдарламасы бойынша Джонс Хопкинс Университетінің (Вашингтон, АҚШ) түлегі.

Ол "Энергетикалық ресурстар және технологиялар", сонымен бірге "Халықаралық қаржы" мамандықтары бойынша магистр дәрежесіне ие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1921233-buryngy-vice-ministr-axmetzanov-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/