Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұрат Нұрбаев президенттің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі болып тағайындалды

Опубликовано:

Мұрат Нұрбаев
Мұрат Нұрбаев. Фото: facebook.com/muratnurbayev

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі болып Мұрат Нұрбаев тағайындалды деп мәлімдеді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында.

"Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Нұрлан Онжановтың бұйрығымен Мұрат Нұрбаев ҚР Президенті Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Мұрат 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдап, 2006 жылы осы мамандықтың магистрі атанған.

Ол әр жылдары "31-арна", "Қазақстан", "Астана", "7-арнада" журналист, шеф-редактор ретінде қызмет атқарған.

"Қазақстан даму банкі" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы, "Алтын Қыран" компаниялар тобының баспасөз қызметінің жетекшісі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігінің баспасөз қызметінде консультант, ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде консультант, инспектор лауазымдарында қызмет етті.

"Мұрат Нұрбаев журналистикада, одан бөлек қоғаммен байланыс қызметінде мол тәжірибе жинаған білікті маман. Ісіне сәттілік тілеймін", – деп жазды Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1921742-murat-nurbaev-prezidenttin-baspasoz-qyzmetinin-sektor-mengerusisi-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel