Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

KMF кәсіпкер әйелдер арасында байқау жариялады

Опубликовано:

премиz «KMF Isker hanymy 2021»
Фото: KMF

KMF Микроқаржылық ұйымы мен KMF-Демеу қоры ұйымдастырған KMF Isker hanymy байқауы 2021 жылдың 12 шілдесі мен 5 желтоқсаны аралығында өтеді. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 3 миллион теңге.

Байқауға кәсіпкер әйелдер қатыса алады. Сонымен қатар, байқауға қатысушы KMF-тің белсенді клиенті болуы шарт және кемінде 3 кредиті өтелген болуы керек.

Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталатын болады.

«Біз Бас жүлде мен қазылар алқасының арнайы сыйлығын және үш номинация әзірледік, олар - «Ауыл шаруашылығының дамуына қосқан үлесі үшін», «Бизнестің дамуына қосқан үлесі үшін» және тағы бір ерекше номинация «Әлеуметтік бизнес» деп аталады. Ерекше болуы, ол қоғамды өзгертуге үлес қосып, мысалы, ерекше қажеттілігі бар жандар үшін жұмыс орындарын ашқан және сол сияқты өзге де игі іс жасаған кәсіпкер әйелдерге арналады», - деді «KMF-Демеу» қорының директоры Әсел Шегебаева.

Байқаудың жеңімпаздары 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін сертификат алады, ол қаржыны бизнесті дамытуға, тұрмыстық техника алуға және саяхатқа жұмсауға болады.

Айта кетейік, KMF Isker hanymy-2021 байқауына қатысу үшін өтінімдер биыл 1-қазанға дейін https://kmfiskerhanymy.kz/kz/ сайтында қабылданады. Байқау жеңімпаздарын сараптамалық қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасының құрамында Франкфурт қаржы және менеджмент мектебінің, KMF МҚҰ және KMF-Демеу қорының өкілдері болады.

Жеңімпаздарды іріктеу кезінде сыртқы жағымсыз жағдайларға төзімділік, табыстың үздіксіз өсімі және/немесе жұмыс орындарын ашу көрсеткіштері есепке алынады.

«Бизнеспен айналысатын әйелдерді қолдау біздің әу бастан ұстанған дәстүрлі бағытымыз. Клиенттеріміздің шамамен 60 пайызы әйелдер және біз мұның қаншалықты қиын, кейде табандылықты, төзімділік пен зор еңбексүйгіштікті талап ететін еңбек екенін білеміз. KMF Isker hanymy - қоғамдағы, бизнестегі, отбасындағы әйелдің мәртебесін нығайтуға бағытталған бірқатар бастамамыздың тағы бір жобасы», - деді KMF МҚҰ дамыту бойынша директоры Далида Давлятшина.

Байқау жеңімпаздары 5-желтоқсанға дейін Алматыда өтетін KMF Isker hanymy-2021 конференциясында марапатталады.

KMF Isker hanymy-2021 байқауына қатысу үшін қойылатын шарттар туралы толығырақ ақпаратты байқаудың сайтынан оқуға болады.

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1921933-kmf-kasipker-aielder-arasynda-baiqau-zariyalady/

pixel