Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады

Жарияланған күні:

Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары сот кеңесінің биылғы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.

Сонымен қатар президентке әкімшілік әділет соттарының кадрлармен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Денис Шиппке сот корпусын одан әрі жаңғыртуға және сот жүйесіне мейлінше сауатты әрі құзыретті мамандарды тартуға септігін тигізуі тиіс бірқатар міндет жүктеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  жалған вакцина паспортын жасайтындарды қатаң жазаға тартуды тапсырған еді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында екпеге қатысты жалған құжаттар жасалғаны туралы деректер шығып жатыр. Бұл қоғам үшін өте қауіпті жағдай. Өйткені халық көп жиналатын жерлерде дерт жұқтырған адам да жүруі мүмкін. Сондықтан құқық қорғау органдары осы мәселеге баса назар аударуға тиіс", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, пандемиямен күрестің негізгі жолы вакциналау екенін түсіну керек. Сондықтан жалған паспорт жасайтындар қатаң жазаға тартылуы шарт.

"Бүгінде вакциналау туралы жалған сертификаттар жасау нарығы пайда болды. Мұндай деректерді тұтас қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігіне төнген тікелей қауіп деп түсіну қажет. Демек жазаға тарту шарасы да қатаң болуға тиіс. Бұл Әкімшілік кодекске сәйкес заң бұзушылық екені айдан анық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1921980-prezident-zogary-sot-kenesinin-toragasy-denis-sippti-qabyldady/