RU

Лукашенко Путинмен кездесу үшін Санкт-Петербургке ұшып кетті

Александр Лукашенко
Александр Лукашенко. Фото: kremlin.ru

Беларусь президенті бүгін, 13 шілдеде Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Владимир Путинмен кездеседі деп хабарлайды "Пул Первого" Телеграм арнасы.

Сейсенбі, 13 шілдеде Беларусь пен Ресей президенттерінің кездесуі өтеді.

Владимир Путин мен Александр Лукашенко халықаралық мәселелерді, сондай-ақ түрлі салалардағы ынтымақтастықты арттыруды талқыламақ.

Қазіргі уақытта Беларусь президентінің Санкт-Петербургке ұшып кеткені айтылды.

Екі ел басшыларының бұл кездесу туралы 1 шілдеде шешім шығарғаны хабарланды.

"Санкт-Петербургте Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өтеді, жиын барысында мемлекет басшылары түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуды, халықаралық мәселелерді талқылайтын болады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1922198-lukasenko-putinmen-kezdesu-usin-sankt-peterburgke-usyp-ketti/