Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

19 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімет таратты.

"Жиынға Премьер-Министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысады.

Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды. Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимылдар жоспары қабылданбақ", – делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбек демалысын қалай өткізіп жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1922878-toqaev-sanitarlyq-epidemiologiyalyq-axual-zoninde-zumys-kenesin-otkizedi/

pixel