Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар қаласының бұрынғы әкімі жаңа қызметке ие болды

Опубликовано:

Ержан Иманслям
Ержан Иманслям. Фото: facebook.com/erzhan.imanslyam

Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Ержан Иманслям жаңа қызметке тағайындалды. Ол бір жылға жуық облыс орталығының әкімі қызметін атқарған болатын. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Жаңа әкімді Павлодар ауданының активіне аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов таныстырды. Облыс әкімі Ержан Иманслямға алғашқы кезектегі міндеттерді белгілеп берді.

"Павлодар ауданының облыстық орталыққа жақындығы бірқатар ерекше талаптар қояды.

Бәрінен бұрын бұл Павлодардың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету. Ауылшаруашылығы өндірісінде де, басқа салаларда да өңдеуге бағыт ұстау қажет.

Екіншіден, аудан орталығының жоқтығын ескере отырып, тұрғындарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтер сапасын қадағалап, оның жақсаруын үнемі қамтамасыз ету маңызды.

Және, ең маңыздысы, әрбір мемлекеттік қызмет, әкімдіктің тұрғындармен өзара қарым-қатынастары, әсіресе сіздің жеке қатынастарыңыз – тұрақты, әрі ашық диалог қағидаттары негізінде құрылуы тиіс. Тұрғындар, әкімдіктің көмегі қажет бола қалған жағдайда, өз әкімінің бет келбетінен танып, оны қалайша табуға болатынын білулері керек", – деді Әбілқайыр Сқақов.

Ержан Иманислям 1972 жылы Павлодар облысында туған. 1991 жылы Красноармейск ауылшаруашылығы техникумын (техник-механик), 2007 жылы – Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (құқықтану бакалавры), 2014 жылы – Еуразиялық Инновациялық университетін (экономика және бизнес бакалавры) және 2017 жылы – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану бакалавры; Заң магистрі).

Еңбек жолын 1987 жылы Қашыр ауданының Калиновка селосында, құрылыс учаскесінің жұмысшысы болып бастады. Техникумды бітіргеннен кейін Ержан Иманслям Қашыр кентіндегі құрылыс материалдары комбинатында слесарь-сантехник болып жұмыс істеді. Шекара қызметінде парызын өтегеннен соң Павлодар қаласындағы "Энергожилстрой-1" құрылыс басқармасында монтаждаушы болып жұмыс істеді.

1994-2000 жылдар аралығында Ержан Иманслям Қашыр ауданының ішкі істер бөлімі мен прокуратурасындағы түрлі қызметтер атқарды. Содан кейін ол құқық практикасымен айналысып, 2005 – 2008 жылдары Қашыр ауданының әкімшілігінде қызмет етіп, оның ішінде әкім аппаратын басқарды. 2008 – 2011 жылдары Ержан Иманслям Ақсу қаласының әкімдігінде жұмыс істеп, оның ішінде қала әкімінің орынбасары болды.

2011-2013 жылдары Ержан Иманслям Павлодар қаласы әкімінің аппарат жетекшісі, 2013–2014 жылдары – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарына тағайындалған.

2017 жылдан кейін Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеп, индустриялық-инновациялық даму басқармасында лауазымдар иесі болып, Тайынша ауданының әкімі қызметін атқарды.

2017-2020 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде қызметтер атқарып, оның ішінде машина жасау басқармасының басшысы болды. 2020 жылдың шілдесінде Павлодар қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1923013-pavlodar-qalasynyn-buryngy-akimi-zana-qyzmetke-ie-boldy/

pixel