Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алексей Калайчиди жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Алексей Калайчиди
Алексей Калайчиди. Фото: gov.kz

Алексей Калайчиди Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімдерімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды" делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, осыған дейін Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1923521-aleksei-kalaici-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel