Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тергеу тобына берілді": Қырғызстанның экс-президенті Ақаев еліне ұшып келді

Опубликовано:

Асқар Ақаев
Фото: www.wikiwand.com

Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке ұшып келді деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"МҰҚК қабылдаған шаралар нәтижесінде 2 тамызда бұрынғы президент Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді. Көп ұзамай ол ведомствоаралық тергеу тобына берілді", - делінген хабарламада.

Ақаев МҰҚК ғимаратында, бұл жерде оның қатысуымен Құмтор кен орны бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін ел билігі Ақаевты 1992 жылы "Құмтор" жобасы бойынша бас келісімді бекіту кезінде сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыптады.

Қырғызстанның экс-президентіне ресми түрде іздеу жарияланды.

2005 жылдың наурызында болған төңкерістен кейін Ақаев Мәскеуге кетіп, сонда жұмыс істеді. Бұрынғы президент содан бері өз елінде болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1925132-tergeu-tobyna-berildi-qyrgyzstannyn-eks-prezidenti-aqaev-eline-usyp-keldi/

pixel