Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Мамин мен «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасын қабылдады

Опубликовано:

Тоқаев Мамин Самұрық
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин мен «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиевті қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Президентке Қазақстан халқының тұрмыс сапасын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді.

Ұсынылған жобалар Батыс Қазақстан облысын сумен, өңірлерді газбен қамтамасыз ету, энергетика нысандарының, оның ішінде Алматы қаласындағы қуат торабының құрылысы, сондай-ақ, еліміздегі көлік дәлізінің әлеуетін дамыту салаларындағы негізгі мәселелерді шешуді көздейді.

Кездесу қорытындысы бойынша аталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысты тапсырмалар берілді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.

Президент Пашинянды Армения Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

"Сізге артылған сенім – қоғамдағы тұрақтылықты, бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, Арменияның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясатыңыздың кең қолдау тапқанының айқын көрінісі", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне, сондай-ақ, Қазақстанмен арадағы екіжақты және көпжақты қатынастарды кеңейтіп, тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1925160-prezident-mamin-men-samuryq-qazyna-basqarma-toragasyn-qabyldady/

pixel