Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта 347 мыңнан аса қазақстандық "Еңбек" бағдарламасына қатысты

Опубликовано:

"Енбек"
Фото: NUR.KZ

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасымен қазақстандықтарды қамту өткен жылғы көрсеткіштен шамамен төрттен бірге артық.

2021 жылғы 6 айда мемлекеттік бағдарламаға 347,4 мың қазақстандық қатысты. Бұл 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтан 22,6%-ға көп, сол уақытта қолдау шараларымен 283 мың адам қамтылған.

«Биылғы жылғы қатысушылардың негізгі бөлігі - 205 мың (59%) адам жұмыссыздар және 52,6 мың (15,1%) адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатады. Бүгінгі күні 253,6 мың қазақстандық жұмысқа орналасты, олардың жартысынан көбі - 141,5 мыңы (55,8%) тұрақты жұмыс тапты. Оларға жұмысқа орналастыру бойынша 269 мың шара көрсетілді», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Еңбекминінің Халықты жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары Руслан Тілеубаев.

Өткен жылы бұл көрсеткіш сәл төмен болды - 205,5 мың адам жұмысқа орналасқан, оның 99,3 мыңы (48%) тұрақты жұмысқа тұрған.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бағыттары бөлінісінде 2021 және 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы іске асырылу қорытындыларын қарастырайық.

ТжКБ және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

Техникалық және кәсіптік білім беру шеңберінде кадрлар даярлау 2017 жылдан бастап іске асырылуда. Сол уақыттан бері ТжКБ бар кадрларды даярлауға 81,8 мың жас адам жіберілді.

2021 жылдың басында студенттердің саны 53 мың адамды құрады. Оқу 340 колледжде 171 мамандық бойынша өтті.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 17,3 мың адам оқуды аяқтады, оның 8,6 мыңы немесе 52%-ы жұмысқа орналасты.

Ағымдағы жылы ТжКБ бар кадрларды даярлауға ҰБТ тапсырмаған және жоғары оқу орнына түспеген мектеп түлектері қатарындағы 20,2 мың жас адамды жіберу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы колледждер мен оқу орталықтарының базасында қысқа мерзімді курстар шеңберінде қосымша мамандық алуға мүмкіндік беретінін атап өтеміз. 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 12 мың қазақстандық қысқа мерзімді оқыту курстарына жіберілді. Жыл ішінде барлығы 15,2 мың адамды оқыту жоспарланып отыр. Өткен жылы алғашқы 6 айда қысқа мерзімді курстармен мемлекеттік бағдарламаның 7,1 мың қатысушысы қамтылды.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

««Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ең танымал құралдарының бірі - шағын несиелер мен гранттар, олардың көмегімен қатысушылар өз істерін аша немесе кеңейте алады. Бұл бағыт беретін маңызды әлеуметтік әсер - жаңа жұмыс орындарын құру, әсіресе ауылдарда, онда жұмыспен қамту мәселесі барынша өзекті», - деп түсіндірді Руслан Тілеубаев.

Мәселен, 2021 жылы шағын несиелермен 8 629 адамды қамту жоспарланып отыр, оның 630-ы қалаларда, 7999-ы ауылдарда. Биылғы жылғы 6 айда 3 603 шағын несие берілді, олардың 3 123-і (жылдық жоспардың 39%-ы) ауыл тұрғындарына, тағы 480-і (жылдық жоспардың 76,2%-ы) қала тұрғындарына берілді.

Бұл мақсатқа бюджеттен 17,9 млрд теңге бөлінді (ауыл - 12,7 млрд теңге, қала - 5,2 млрд теңге).

Берілген шағын несиелердің ішінде 9,2 млрд теңге жеке істі кеңейтуге жіберілді – бұндай жобалардың саны 1 753. Тағы 7,7 млрд теңге 1 698 стартап жобаны қолдауға жіберілді. Зәкірлік кооперацияның бағытын дамытуға 1 миллиард теңге берілді – жарты жылда 152 шағын несие.

Өткен жылы ұқсас кезеңде қамтылым 8,3% -ға көп болды. Сол уақытта 3 931 шағын несие берілді.

Ағымдағы жылы 544 көпбалалы және аз қамтылған отбасы жалпы сомасы 2,6 млрд теңгені құрайтын жеңілдетілген шағын несиелер алды. Несиенің орташа мөлшері 4,8 млн теңге, шарттар бойынша осы санаттағы қатысушылар 7 жылға дейінгі мерзімге жылына 4%-дан аспайтын төмен пайыздық мөлшерлемеге үміттене алады.

2020 жылы бірінші жартыжылдықта осы қолдау шарасы 417 көпбалалы және аз қамтылған отбасыға көрсетілді, олар 1,6 млрд теңге сомаға шағын несиелер алды. Несиенің орташа мөлшері 3,8 млн теңгені құрады.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін мемлекеттік гранттарға қатысты. Егер өткен жылы 11 мыңға жуық грант берілсе, осы жылдың 6 айында 15 мың грант берілді. 2021 жылы гранттың мөлшері 583 400 теңгеге (200 АЕК) тең. Жыл соңына дейін барлығы 22 мың мемлекеттік грант беріледі.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде азаматтар қаржы ғана алып қоймай, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқи алады. 6 айда жобамен 19,5 мың қатысушы қамтылды (өткен жылы осы кезеңде - 16,5 мың), оның 18 мыңнан астамы оқуын аяқтады. 6 372 адам грант пен шағын несиелер алды. Ағымдағы жылдың соңына дейін оқумен 30 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту

Мемлекет субсидияланатын жұмыс орындарын құру арқылы да қазақстандықтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдеседі. Негізінен, бұл бағыт зейнеткерлік жас алдындағы адамдарға,мүгедектігі бар адамдарға, жұмыс тәжірибесі жоқ жас түлектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және т.б. – еңбек нарығында өз жолдарын табуы қиын адамдарға арналған.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына 126,7 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына - 15,3 мың адам, жастар практикасына - 11,3 мың адам, қоғамдық жұмыстарға - 100 мыңнан астам адам.

2020 жылы сол кезеңде 117,6 мың адам (әлеуметтік жұмыс орындарына - 14,8 мың адам, жастар практикасына - 13,8 мың адам, қоғамдық жұмыстарға - 88,9 мың) қамтылды.

Бірінші жартыжылдықта «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жаңа - «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына сәйкесінше 541 және 147 адам жұмысқа орналасты.

Елдің кейбір өңірлерінде жұмыс күшінің жетіспеушілігі, ал басқаларында керісінше артықтығы байқалатыны құпия емес. Бұл проблеманы шешу үшін мемлекеттік бағдарламада еңбек ресурстарын халық тығыз орналасқан өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстандыру көзделеді. Мәселен, 2021 жылы 2 152 отбасын (7 465 адамды) көшіру жоспарланып отыр. 1 шілдедегі жағдай бойынша 967 отбасы (3 102 адам) көшіп, жаңа өмір бастады. Оның 915-і жұмысқа орналасты, тағы 60-ы кәсіпкерлік қызметпен айналысуда.

Өткен жылғы бірінші жартыжылдықта қамтылым төмен болды. Сол уақытта 887 отбасы қоныс аударды, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы 1 мыңнан астам азамат бірден жұмыс тапты және тағы 63 адам жеке істерін ашты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1925432-2021-zylgy-birinsi-zartyzyldyqta-347-mynnan-asa-qazaqstandyq-enbek-bagdarlamasyna-qatysty/

pixel