Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі қамауға алынды

Опубликовано:

Үкімет
Фото: Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі / Сабыр Аильчиев

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі екі айға қамауға алынды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Темір Сариев 30 қыркүйекке дейін қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында болады. Бұндай шешімді Бішкектің Бірінші Май аудандық соты шығарған.

"Күдікті Темір Сариевке сотқа дейінгі тергеу кезеңінде, яғни 30 қыркүйекке дейін қауіпсіздік комитенінің тергеу изоляторында қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды",-делінген хабарламада.

Сариев 3 тамызда "Құмтөре" ісі бойынша құқық қорғау қызметкерлеріне ұсталды.

Ол 2015 жылдың мамырынан 2016 жылдың сәуіріне дейін Қырғызстан премьер-министрі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1925687-qyrgyzstannyn-buryngy-premer-ministri-qamauga-alyndy/

pixel