Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Берік Уәли / Facebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

Оның мәліметінше, президент 2021 жылғы 6 тамызда Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысады. Сондай-ақ, көршілес мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланып отыр.

Одан бөлек, саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орталық Азия өнер шеберлерінің концертін тамашалайды.

Еске сала кетсек, 29 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Әңгімелесу барысында Бердімұхамедов жан-жақты ынтымақтастыққа тың серпін беру мақсатымен Қасым-Жомарт Тоқаевты биыл Түрікменстанға ресми сапармен келуге шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1925779-qasym-zomart-toqaev-zumys-saparymen-turikmenstanga-keldi/

pixel