Тоқаев және басқа да Орталық Азия басшыларының бейресми кездесуінен суреттер тарады (фото)
Опубликовано:

Әлеуметтік желіде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азия көшбасшыларымен бейресми кездескен сәтінен суреттер пайда болды.
Суреттерді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялап: "Орталық Азия мемлекет басшыларының бейресми кездесуі" деген жазба қалдырды.
Кадрдан Қасым-Жомарт Тоқаевтан бөлек, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовты, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті және Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты байқауға болады.
Айта кетейік, 5 тамызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарымен Түрікменстанға барғанын жазған едік.
Берік Уәлидің мәліметінше, президент 6 тамызда Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысады.
Сондай-ақ, көршілес мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланып отыр.
Одан бөлек, саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орталық Азия өнер шеберлерінің концертін тамашалайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1925817-toqaev-zane-basqa-da-ortalyq-aziya-bassylary-beiresmi-kezdesti-foto/