Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда мерейтойын атап өткен аудан әкімі айыппұл арқалады (видео)

Опубликовано:

Әкім
Видеодан кадр: Жамбыл Инфо/facebook.com

Әлеуметтік желілерде Тараздағы мейрамханалардың бірінде түсірілген видео тарап жатыр. Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов карантинге қарамастан, мерейтойын жасаған. Шенеунікке айыппұл салынған. Бұл туралы Жамбыл облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елімізде эпидемиолоиялық ахуал ушығып тұрғанына қарамастан, Бақыт Қазанбасов Таразадғы мейрамханалардың бірінде мерейтойын атап өтуді жөн көрген.

Отбасылық мерекеде түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған. Карантинді бұзғаны үшін Байзақ ауданының әкіміне айыппұл салынған.

"Карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды. Байзақ ауданының әкімі мен "Бақ Сарай" мейрамханасының иесіне айыпұл салынды", - деп хабарлады ведомство.

Ғимарат иесі 230 АЕК (670 мың теңгеден астам), ал мерейтой иесі 30 АЕК (87 мың теңгеден астам) айыппұл төлеуі қажет.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында да осыған ұқсас жайт орын алған еді. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов 350 адам шақырып, қызына той жасаған. Кейінірек, облыс әкімі Жеңіс Қасымбек шенеунікті қызметінен босатқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1926552-tarazda-mereitoiyn-atap-otken-audan-akimi-aiyppul-arqalady-video/

pixel