RU

Тоқаев жақында мемлекеттік сапармен Оңтүстік Кореяға барады

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

Берік Уәлидің сөзінше, 16-17 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

"Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер өтіп, мемлекет басшылары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың перспективаларын қарастырмақ. Кездесу қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, үкіметаралық құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.

Қазақстан президенті Сеулге сапары аясында Кореяның ірі компанияларының басшыларымен, белгілі саяси қайраткерлермен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар, Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар коммерциялық келісім-шарт жасалмақ", - деп жазды ол.

Сонымен бірге, президент Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1926833-toqaev-zaqynda-memlekettik-saparmen-ontustik-koreya-respublikasyna-barady/