Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Токио Олимпиадасының жүлдегерлерін марапаттады

Опубликовано:

Токио медаль11
Фото: olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токио-2020 ХХХII Жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін мемлекеттік наградамен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Сонымен президент жарлығымен дзюдодан қола медаль иеленген Елдос Сметов ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен;

Ауыр атлет Зульфия Чиншанло ІІ дәрежелі "Достық" орденімен;

Каратеші Дархан Асәділов, Софья Берульцева, боксшы Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, балуан Нұрислам Санаев және ауыр атлет Игорь Сон "Құрмет" орденімен марапатталды.

Айта кетейік, Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындары 8 тамыз күні аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 8 қола медальмен 83-орынға тұрақтады.

Президенттің сөзінше, Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927113-toqaev-tokio-olimpiadasynyn-zuldergerlerin-marapattady/

pixel