Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Темір тор есейтті": Шымкенте 131 млн теңге үшін айып тағылған экс-шенеунік басшылық қызметке келді

Опубликовано:

Әбілсейіт Рабаев
Әбілсейіт Рабаев: Шымкент қалалық әкімдігі

Шымкентте 131 млн теңгені талан-тараж қылды деп айып тағылып, ақталып шыққан экс-шенеунік жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды KAZ. NUR.KZ тілшісі.

Әбілсейіт Рабаев енді Шымкент қалалық құрылыс басқармасын басқарады. Ол 1981 жылы дүниеге келген, мамандығы бойынша – инженер, экономист.

Еңбек жолын 2002 жылы «Компания Ерке» ЖШС-нда оператор болып бастаған ол кейін ОҚО жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасында түрлі лауазымдарға қызмет етті.

2013 жылдың 4 мамыры күні сол кездегі қаржы полициясының қызметкерлері ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарып отырған Әбілсейіт Рабаевты тұтқындаған болатын.

Оған орындалмаған жұмыс үшін бюджеттен 131 млн теңге бөлінді деп Қылмыстық кодекстің 176-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша айып тағылды. Уақытша қамауға алынған басшының ісі бір жылға созылды.

Қылмыстық іс көлемі 35 томды құрап, 70-ке тарта адам куәгер ретінде қатыстырылды. Алайда Шымкент қалалық Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Талғат Қахаровтың үкімімен Әбілсейіт Рабаев кінәсіз деп танылып, сот залынан босатылды.

Ғұмырының бір жыл уақытын уақытша қамау абақтысында өткізген Әбілсейіт Рабаев бостандыққа шыққан соң тілшілерге мемлекеттен ешқандай өтамақы талап етпейтінін, темір тор өзін есейткенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927127-temir-tor-eseitti-symkente-131-mln-tenge-usin-aiyp-tagylgan-eks-seneunik-bassylyq-qyzmetke-keldi/

pixel