Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстанда Қазақстан азаматтары бар ма: Еліміздің сыртқы істер министрлігі жауап берді

Опубликовано:

Ауғанстан
Көрнекі фото: Paula Bronstein/Getty Images

Еліміздің сыртқы істер министрлігі дәл қазіргі уақытта Ауғанстанда Қазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Ауғанстанда қазақстандықтар жоқ. Олар ауған жерінен шығып кеткен.

Дегенмен, Ауғанстанда елшілік қызметкерлері бар.

Еске сала кетейік, күні кеше тәліптер Ауғанстан астанасы - Кабулды шабуыл жасамай-ақ бағындырған еді. Билікті бейбіт жолмен беру туралы келіссөздер басталды. Ел президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, мемлекеттен кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Ал тәліптер елде 20 жылдық соғыстың аяқталғанын хабарлады. Дегенмен Кабул әуежайында дүрбелең басталып, мыңдаған адам ауған астанасынан қашуға тырысты.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің күштік құрылым басшыларымен Ауғанстандағы жағдайға байланысты тағы жиын өткізді.

Жиында Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдайға байланысты Қазақстанның ұлттық мүддесін ескере отырып, шұғыл әрекет ету шаралары және ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланған.

Сонымен қатар, президент құзырлы мекемелерге Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927342-auganstanda-qazaqstan-azamattary-bar-ma-elimizdin-syrtqy-ister-ministrligi-zauap-berdi/

pixel