RU

Кабулда АҚШ әскерилері ескерту үшін оқ атып, бірнеше адам қайтыс болды (видео)

Ауғанстан
Көрнекі фото: pixabay.com

Кабул әуежайында бірнеше адам америкалық әскерилердің ескерту үшін атқан оғынан қаза тапты деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ әскерилері ескерту үшін оқ атқаннан кейін бірнеше адам жан тапсырған. Олардың мұндай қадамға баруына азаматтардың ұшаққа мінбек болып, ұшу-қону жолағына шығып алғаны себеп болғаны хабарланды.

Mash Telegram каналының ақпаратынша, америкалық тарап әскерилердің оқты тәртіп орнату үшін атқанын айтқан.

Назар аударыңыз! Видеода жантүршіктірерлік кадрлар бар! Бейнежазбаны психикасы әлсіз, аяғы ауыр және 18 жасқа толмағандарға көруге кеңес берілмейді.

Еске сала кетейік, күні кеше тәліптер Ауғанстан астанасы - Кабулды шабуыл жасамай-ақ бағындырған еді. Ауғанстан президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Ал тәліптер елде 20 жылдық соғыстың аяқталғанын хабарлады. Дегенмен Кабул әуежайында дүрбелең басталып, мыңдаған адам ауған астанасынан қашуға тырысты.

Желіде тараған видеодан мыңдаған адам, соның ішінде кішкентай балалары бар ата-аналар, ұшу айлағында тұрған ұшақтарға ағылып жатқанын байқауға болады.

Алайда НАТО өкілі барлық коммерциялық рейстер тоқтатылғанын және тек әскери ұшақтар ғана ұша алатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927380-kabulda-aqs-askerileri-eskertu-usin-oq-atyp-birnese-adam-qaitys-boldy-video/