Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 157 мың теңге пара алған экс-шенеунік жеті жылға сотталып кетті

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ауыл шаруашылығы министлігіне қарасты Алматы аумақтық инспекциясы бөлімінің экс-басшысы 157 580 теңге пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Алматы қаласының соты хабарлады.

Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырудың бұрынғы басшысы К. базарларда бақылау жүргізе отырып, сатушыларға сатылатын өнімге фитосанитариялық сертификаттар мен басқа да қажетті құжаттардың болмағаны үшін айыппұл салатынын хабарлаған.

Сатушылар болса айыппұл төлемеу үшін өз еркімен оған ақша, өнімге жеңілдіктер немесе өнімдердің өзін пара ретінде берген. Нәтижесінде параның жалпы сомасы 157 580 теңгені құраған.

№2 Медеу аудандық сотында іс Қылмыстық кодекстің 336-бабы, 3-бөлігі бойынша қаралған. Алайда К. өз кінәсін мойындамаған.

Прокурор айыпталушыны 8 жылға бас бостандығын айыра отырып, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуді, сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруды сұраған.

Сот айыпталушының алғаш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып тұрғанын ескеріп, оны пара алғаны үшін кінәлі деп таныған.

Жазаны ауырлататын мән-жай - К. қылмыс жасап, кәсіби антын бұзған.

Судья шенеунікті 7 жылға бас бостандығынан айыру және өмір бойына мемлекеттк қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру жазасын тағайындаған. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927415-almatyda-157-myn-tenge-para-algan-eks-seneunik-zeti-zylga-sottalyp-ketti/

pixel