Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстаннан кетуге тырысқан адамдар шассиге жармасып, ұшақтан құлап түсті (видео)

Опубликовано:

Ауғанстан
Видеодан кадр: t.me/newsnurkz

БАҚ беттерінде Ауғанстанда түсірілген жантүршігерлік кадрлар жариялануда. Елден кетуге тырысқан адамдар әскери ұшақтардың шассиіне жабысқан.

Кабул әуежайында түсірілген кадрларды әртүрлі БАҚ өзінің Тelegram каналында бөлісуде.

Жарияланған видеолардың бірінде көкке көтерліген ұшақтан адамдардың құлап жатқанын көруге болады.

Lenta.ru порталының Aśvaka News Agency сайтына сілтеме жасап жазуынша, алдын ала болжам бойынша америкалық әскерилеррмен бірлесе жұмыс істеген Ауғанстан тұрғындары ұшаққа мініп кетпек болған. Алайда бортта бәріне бірдей орын жетпеген. Олар шассиден ұстап алғанымен, ұшақ биікке көтерілген кезде ұстап тұра алмаған.

Еске сала кетейік, күні кеше тәліптер Ауғанстан астанасы - Кабулды шабуыл жасамай-ақ бағындырған еді. Ауғанстан президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Ал тәліптер елде 20 жылдық соғыстың аяқталғанын хабарлады. Дегенмен Кабул әуежайында дүрбелең басталып, мыңдаған адам ауған астанасынан қашуға тырысты.

Желіде тараған видеодан мыңдаған адам, соның ішінде кішкентай балалары бар ата-аналар, ұшу айлағында тұрған ұшақтарға ағылып жатқанын байқауға болады.

Алайда НАТО өкілі барлық коммерциялық рейстер тоқтатылғанын және тек әскери ұшақтар ғана ұша алатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1927430-auganstannan-ketuge-tyrysqan-adamdar-sassige-zarmasyp-usaqtan-qulap-tusti-video/

pixel