Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстандағы жағдай Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін: Отандық саясаттанушылардың пікірі

Опубликовано:

Ауғанстан
Көрнекі сурет: pixabay.com

Отандық саясаттанушылар Ауған мемлекетінің тәліптердің қолына көшуі өзге елдерге кері әсерін тигізбей қоймайтынын мәлімдеді. Айтуларынша, Қазақстан да қауіп-қатерге ұрынуы әбден мүмкін деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Расул Жұмалының пікірінше, бұл алаңдаушылық тудыратын жағдай.

"Ауғанстанның шиеленісі, тұрақсыздық әлі ұзаққа баратын түрі бар. Енді оның салдары мынау көршілес жатқан аумақтарға, оның ішінде Орталық Азияға қалай әсер етеді деу ең алаңдаушылық туғызатын жағдай. Әсіресе біздің мемлекетке.

Енді қазір тікелей әскери шабуыл жасайды деуге болмайтын шығар. Үкімет, "Талибан", басқа саяси күштер Ауғанстанның ішіндегі мәселелерді қалпына келтірумен айналысатын шығар. Негізі басымдық осы", - дейді саясаттанушы Расул Жұмалы.

Бұл жайтқа қатысты саясаттанушы Ерлан Сайыров та өз пікірін ортаға салды.

"Босқындар тек қана Өзбекстан мен Тәжікстан емес, сонымен бірге Қазақстанға да өтіп кетуі ықтимал", - дейді ол.

Ауғанстандағы ахуалға қатысты әлемдік көшбасшылар да пікір білдіруде.

"Біз ешкімнің "Талибанды" екі жақты мойындағанын қаламаймыз. Ауғанстан қайтадан террор ошағына айналмауы үшін мүмкіндігінше барлық пікірлес адамдардың біртұтас позициясын алғымыз келеді", - дейді Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон.

Ауғанстандағы жағдай сағат сайын құбылуда. Жақында БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі елдегі жағдайға қатысты шұғыл жиын өткізбек.

Л. Қуанышқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927472-auganstandagy-zagdai-qazaqstanga-qalai-aser-etedi-otandyq-sayasattanusylardyn-pikiri/

pixel