Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан бас прокуратурасы Ауғанстан ұшағының құлауы туралы мәлімдемесін қайтарып алды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Өзбекстанның Бас прокуратурасы Өзбекстан аумағында құлаған Ауғанстанның Әскери әуе күштері ұшағының құлау себептері туралы ресми хабарламасын күтпеген жерден қайтарып алды деп хабарлайды Қазақпарат.

"Бас прокуратураның ведомствоның Telegram-арнасындағы бұрынғы мәлімдемесі соңына дейін нақтыланбаған болатын, ол жауапты ведомстволардың тексерілген деректеріне негізделмеген еді", - деп түсініктеме берілген Өзбекстанның Бас прокуратурасының жаңа мәлімдемесінде.

Осы орайда Бас прокуратура жіберілген қателік үшін кешірім сұрап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Өзбекстанның Бас прокуратурасы Ауғанстанның Әскери әуе күштері ұшағының құлау себептері туралы айтқан болатын. Сонымен қатар Өзбекстан аумағына Ауғанстан Ислам Республикасының 46 әскери әуе кемесінің мәжбүрлі түрде қонғаны туралы хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927556-ozbekstan-bas-prokuraturasy-auganstan-usagynyn-qulauy-turaly-malimdemesin-qaitaryp-aldy/

pixel