Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жауапкершілікпен қарауыңызды сұраймын": Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Алматы" телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қазіргі эпидемиологиялық ахуал туралы айтып, алматылықтарға үндеу жолдады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Эпидахуалдың қаншалықты күрделі екенін туған-туыстан, ағайыннан, жора-жолдастан біліп отырсыз. Араларында ауырып қалып жатқандар бар. Тіпті, қайтыс болғандар да бар. Бұл дегеніміз – әлі күнге дейін эпидахуалдың өте күрделі екенін түсінбегенімізде немесе түсінгіміз келмейтінінде. Жеңіл дерт деп ойлаймыз. Бір жарым жыл болды індетпен арпалысып келеміз. Егер сіз ойлағандай жеңіл болатын болса, баяғыда өтіп кетер едік. Оның бір шешімі жоқ.
Әр штамм пайда болған сайын күрделеніп барады. Қазір, міне, дельтаны көріп отырмыз. Өте қиын жағдайға алып келді. Оны науқастардың санынан-ақ көруге болады. Біздің клиникаларға күн сайын 700-750 науқас түседі. Тұрғындардан вакцина алуға үндеп жатырмыз. Вакцинацияның өзіне қарсы қанша әңгіме айтылды. Вакцина керек дегенге сенбейміз, керек емес дегенге көбірек сенеміз. Вакцинасыз шешім жоқ, осыны жақсы түсіну керек", – деді әкім.

Сонымен қатар, қала әкімі шаһардағы карантин талабын сақтамайтын түнгі мекемелердің алдына полиция патрулі қойылғанын тілге тиек етті.

"Бәрібір қоғамдық орындарда көп жүреміз. Кәсіпкерлердің ешқайсысы карантин талабын сақтамайды, әсіресе, мейрамханалар мен түнгі клубтар. Біз қаладағы 74 мекеменің алдына полиция патрулін қойға мәжбүр болдық. Олардың өз жұмысы бар, олар қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек емес пе? Олар керісінше түнгі мекемелерге жастар жиналмасын деп күзетіп тұр. Сіздерден тағы да сұраймын. Жауапкершілікпен қарауыңызды сұраймын.

Бұлай жалғаса берсе, бұдан да қатаң шаралар қабылдаймыз. Мониторинг топтар аралайды, қадағалайды. Бірақ бүкіл қаланы жауып тастай алмайды. Өте ауыр жағдайда тұрмыз. Дәрігерлер күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Бұлай жалғаса берсе, орынды қайдан табамыз? Қазір орын жеткілікті. Дегенмен сақтық шараларына бей-жай қарамау керек", – деді қала әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927854-zauapkersilikpen-qarauynyzdy-suraimyn-sagyntaev-almatylyqtarga-undeu-zasady/

pixel